- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонда «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» жинағы ағылшын тілінде таныстырылды
Лондонда «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» жинағы ағылшын тілінде таныстырылды
Кітапты ағылшын тілінде өнертанушы ғалым А. Тайзенхаузен таныстырды: «Бұл кітапта қазақ ақыны, философ әрі педагог Шәкәрімнің бүкіл өмірі ғана емес, сонымен қатар ұлт тарихы жатыр» деп ерекше атап өтті.
Тұсаукесер рәсімге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми хатшысы Жанна Нұрманова, орыс филологиясы кафедрасының доценті Гүлбану Шәріпова және кітапты ағылшын тіліне аударған Лондондағы Шыңғыс Айтматов атындағы академияның тәржімашысы Джон Амор қатысты.
Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йылдырым бір сұхбатында: - Шәкәрімді ақын деу аз, ол – Түркі дүниесі мәдениетінің алтын көпірі. Юнус Эмре мен Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясында ортақ сарындар өте көп. Мен Шәкәрімді қазақша оқыдым. Ойы терең, халық тағдырына ерекше қам жеген бұл ақынды Түркия білсе ғой деп жүретінмін, - деген-ді. Ал, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Жақып Өмерұлының: «Бұл кітапта Шәкәрімнің қазақ мәдениеті мен әдебиетіне және санасына қосқан үлесін Ерлан Сыдықов мырза жаңадан қарастырған. Оқырмандарға осы кітапты оқуға кеңес беремін» деуі де көп жайды аңғартса керек.
ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені баршамызға белгілі. Қай қоғамның тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, рухани тынысымыздың бірі – кітапхана. Ал кітапхана қашанда кітап қорының молдығымен маңызды.
Қазақтың біртуар ақыны жайлы кеңінен жазылып, ағылышындар елінде тұсауы сәтті кесілген Ерлан Сыдықовтың бұл кітабы өз оқырмандарын табатынына шүбә жоқ. Жазар көбейсін!
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді