- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін «Нұр Отан» париясы Доктринасының соңғы нұсқасын растау жоспарлануда
Бүгін «Нұр Отан» париясы Доктринасының соңғы нұсқасын растау жоспарлануда
«Менің ойымша, біз бүгінге дейін бұл құжатты жүйелі жетілдірдік. Өткен аптада біз жұмыс тәртібімен аталмыш доктрина жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткіздік. Бүгін біз партиялық конференция қорытындысы бойынша, БАҚ пен партиялықтар арасында, ғаламторда 2 ай бойы талқылауға түскен ұсыныстарды қараймыз. Көптеген ұсыныстар болды, біз оларды топтастырып, аталмыш доктринаның жобасында қарастырдық», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, доктрина мәтіні бүгін ақырғы рет қаралмақ.
«Сосын ол жұмыс тәртібімен Съез қарсаңында құрылған біздің редакциялық топтың қарауына тапсырылады. Бүгін біз ақырғы рет қарап, редакциялық топтың қарауына тапсырамыз. Біздің кездесуіміздің қорытындысы бойынша, біз зиялы қауым өкілдерімен бірге доктрина жобасының қазақ тіліндегі негізгі мәтінін талқыладық», - деді Б.Байбек.
Бауыржан Байбектің айтуынша, доктринаның негізгі мәтіні қазақ тілінде өте ұғынықты және доктринаның негізгі мазмұнын ашатындай болмақ.
Отырыс барысында доктрина бойынша келіп түскен барлық ұсыныстар бес бағыт бойынша топтастырылды: жастар жұмыс жасауды дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, Жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру, өңірлерді дамыту, қоғамдық бақылау және азаматтық бастамалар.
Естеріңізге сала кетейік, доктрина Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен дайындалған. Құжатты дайындау барысында шет елдік ұқсас партиялардың алдыңғы қатарлы құжаттары үлгісі қолданылды. Бүгінге дейін аталмыш құжат жұмыс тобының үш отырысында талқыланды.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Елоpдадағы эпиджағдай: Соңғы аптада ауpу жұқтыpғандаp саны азайған -
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ -
«Ерікті болу – ерлік»: Бүгіннің батыр қыздары -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні