- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті сайлауына қатысушылардың рекордтық көрсеткіші әлем тарихына енеді
ҚР Президенті сайлауына қатысушылардың рекордтық көрсеткіші әлем тарихына енеді
Халықаралық және қазақстандық сарапшылар мен байқаушылардың атап өтуінше, мұндай рекордтық деңгейде сайлауға қатысу әлемдік сайлау үдерісі тарихына енеді.
Сайлау өткізудің осындай деңгейі мен оған қатысудың осыншама жоғары тарихи көрсеткішін байқаушылар өзге елдерде көрмеген.
Бүгінде қазақстандықтардың Президент сайлауына қатысу деңгейін сенсация деп бағалауға болады - еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін барлығы отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертеңнен сайлау учаскелеріне ағылды.
Сайлау учаскесі ашылмай тұрып кезекке тұрған сайлаушылар ағыны жабылғанға дейін толастаған жоқ.
Бүгін қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған белсенділік көрсетіп, сайлаушылар саны бойынша сенсациялық жоғары көрсеткішке жетті.
Жәрмеңкелер мен концерттер ұйымдастырылып, сайлау жалпы халықтық мерекелік көңіл-күйде өтті.
Сайлау науқанын 10000-нан астам отандық, 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар бақылады. Олардың бәрі сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтуде, олардың бағалауы бойынша, бұл транспарентті, ашық және әділ сайлаудың жарқын көрінісі іспеттес.
Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау демократиялық және халықаралық стандартқа сәйкес өткендігін, қазақстандық сайлаушылардың сайлау күнгі белсенділігін, әсіресе жастардың ұйымшылдық көрсеткендігін айрықша атап өткен.
Ең алдымен бұл - қазақстандықтардың патриоттығын, азаматтардың саяси сауаттылығы мен олардың электоралды мәдениетін, сондай-ақ елдің бірлігін, азаматтық белсенді позициясын білдіреді.
Сайлауға ақпарттық қолдау да жоғары деңгейде болды.
Қазақстанның барлық БАҚ-тарында, оның ішінде Интернет, әлеуметтік желілерде сайлау тақырыбы таңның атысынан кеш қарайып батқанға дейін басты тақырыпқа айналды.
Қазақстандағы Президент сайлауы туралы 37 мемлекеттен келген 200-ден аса журналист ақпарат таратты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды