- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның сыртта жүрген азаматтарының тең жартысынан астамы Президент сайлауында дауыс берді-СІМ
Қазақстанның сыртта жүрген азаматтарының тең жартысынан астамы Президент сайлауында дауыс берді-СІМ
«Қазақстанның шет мемлекеттерде жүрген азаматтары Қазақстан Президентінің сайлауына белсенді қатысуда. Сайлау тыныш әрі мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Қазақстанның шет мемлекеттерде орналасқан 65 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімінде 20 мың 822 азамат бар. Бүгін сағат 17-00-дегі жағдай бойынша, 10 мың 861 азамат дауыс берген. Бұл шет мемлекеттердегі сайлаушылардың 52 пайызы»,-деді Қ.Саржанов ОСК-да өткен брифингте.
СІМ өкілі атап өткендей, шетелдегі сайлау учаскелерінің ауқымы кеңейді. «Біздің азаматтарымыз алғаш рет Қазақстанның Бразилия, Финляндия, Тайланд, Хорватия сияқты мемлекеттердегі елшіліктерінде және Анталия, Брест, Казань, Таллин мен Үрімшідегі консулдық мекемелерінде дауыс беруде»,-деді ол.
Уақыт айырмашылығына байланысты бірінші болып, Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері ашылды. Олардың жұмысы Астана уақыты бойынша түнгі сағат 3-00-де басталды. Ал соңғылардың бірі болып қызметтеріне Астана уақыты бойынша Вашингтон мен Нюй-Иорктегі сайлау учаскелері кірісті.
«Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері Астана уақытымен 17-00-де жұмыстарын аяқтады, 18-00-де Бейжің, Шанхай, Гонгконг,Үрімші, Куала-Лумпур, Сингапур және Ұлан -батырдағы сайлау учаскелері жұмыстарын аяқтады. 56 учаскеде әлі жұмыстар жалғасуда. Соңғылардың бірі болып жұмыстарын 27-сәуір күні сағат 6-00-де АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері тоқтатады»,-деді Қ.Саржанов.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді