- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың Ана мен бала орталығында жабық сайлау учаскесі жұмыс істеуде (ФОТО)
Астананың Ана мен бала орталығында жабық сайлау учаскесі жұмыс істеуде (ФОТО)
«Біздің учаскеде 350 адам бар, олар осында жататын емделушілер, қосымша көмек күштері. Олар еліміздің әр аймақтарынан келген және азаматтардың құқықтарының шектелуіне жол бермеу мақсатында бұл жерден де сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Мұнда дауыс беру өте белсенді жүріп жатыр. Таңғы 7-00-ден дауыс беру басталды. Бірінші болып дауыс берушілер мен алғаш рет дауыс беріп отырғандарға сыйлықтар таратылды»,-деді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Қ.Ағаділова.
Дауыс беруге келген азаматтардың арасында жас ана Айжан Ермекова бар, ол сайлауға келу әрбір азаматтың борышы деп есептейді.
«Мен өркендеп келе жатқан Қазақстан үшін, балаларымның болашағы үшін дауыс беремін. Мен біздің өркендеп, өніп келе жатқан мемлекетте өмір сүргенімізді, балаларымыздың бақытты болғанын қалаймын»,-деді А.Ермекова.
Ана мен бала орталығында емделушілермен қатар, Президент лауазымына ие болатын азаматқа өз дауыстарын орталықтың қызметкерлері де берді.
«Мен өз өмірімде Президент сайлауына төртінші рет қатысып отырмын. Меніңше әрбір қазақстандықтың даусы еліміз үшін маңызды»,-деді дәрігер-хирург Арман Құлымбаев.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері