• Басты
  • Жаңалықтар
  • Француздық VMT компаниялар тобы Қазақстанда жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтерді өндіретін зауыт құрылысын жүргізбек

Француздық VMT компаниялар тобы Қазақстанда жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтерді өндіретін зауыт құрылысын жүргізбек

10 Қазан, 2013 17:21
2013 жылғы 10 қазанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да, ҚМГ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясы (Франция) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Құжатқа ҚМГ геология және перспективалық жобалар бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев және Директорлар кеңесінің мүшесі - «Vallourec & Mannesmann Tubes» стратегиялық жобалар бойынша директоры Пьер Френцель қол қойды», - деп хабарламада нақтыланған.

«Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясы жапсарсыз болат құбырлардың және мұнай-газ кәсіп орындарына жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтердің жетекші өндірушісі болып табылады.

Қазақстанның индустриялдық дамуы саласындағы саясатын ескере келе, сонымен қатар қазақстандық нарықта мұнай-газ өндірістік құбырларына сұраныстың жоғары болуынан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» қол қойылған меморандум арқылы елімізде жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтердің өндірісне мамандандырылған құбыр зауытының құрылу мүмкіндігін қарастыруға мүдделі екендіктерін растады.

Аталған жобаны іске асыру, Қазақстанға жаңа технологияларды беру және өндірістік инвестицияларды тарту саласында екі ел үкіметтерінің өзара қарым-қатынас бағдарламасы аясында жоспарлануда.

 

 

 

Барлық жаңалықтар