- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президентінің сайлауына келушілер сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 80%-дан асты – ОСК
Қазақстан Президентінің сайлауына келушілер сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 80%-дан асты – ОСК
«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірдегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 82,11 % сайлау бюллетеньдерін алды», - деп хабарлады Т.Охлопкова ОСК-дағы брифинге.
Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 85,72 %, Ақтөбе облысы бойынша – 78,58 %, Алматы облысы бойынша – 84,95 %, Атырау облысы бойынша – 87,25 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 89,45 %, Жамбыл облысы бойынша – 86,04 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 79,01 %, Қарағанды облысы бойынша – 84,73 %, Қызылорда облысы бойынша – 87,45 %, Қостанай облысы бойынша – 86,75 %, Маңғыстау облысы бойынша – 76,15 %, Павлодар облысы бойынша – 82,75 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 86,93 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 87,30 %, Астана қаласы бойынша – 70,61 %, Алматы қаласы бойынша – 62,54 %.
Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша 9741 сайлау учаскілерінде дауыс беру өтуде. ҚР Президентіне дауыс беру Астана уақыты бойынша таңғы сағат жетіде басталады және кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Ал, еліміздің батыс аймақтарында уақыт алшақтығына байланысты дауыс беру уақыты Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ге дейін жалғасады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді