- Басты
- Жаңалықтар
- Президент сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр – саясаттанушы
Президент сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр – саясаттанушы
Ол осы жолғы сайлаудың ерекше өтіп жатқандығын атап өтті. «Мен сайлау барысын сонау Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылдардан бері қадағалап келемін. Сайлау мемлекет пен қоғамның өзара ықпалдастығы. Бұл жерде біз мемлекет тарапынан өте тыңғылықты шаралар қабылданғанын көріп отырмыз. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Биыл сайлау учаскелерінің саны да көп, Орталық сайлау комиссиясы мен әкімдік өкілдерінің жан-жақты ойластырылған жұмыстары көрініп тұр. Қоғам тарапынан да белсенділік бар, біз сайлаушылардың дауыс беруге өте көп жиналғандығын көріп отырмыз, олар өткен сайлаудағыдан да көп»,-деді Рүстем Қадыржанов.
Сарапшының сөзінше, сайлау тек дауыс беру күні ғана емес, оған үгіт-насихат науқаны да жатады.
Осы тұрғыдан алғанда, бұл науқан да ерекше үлгі етуге тұрарлық. Үгіт-насихат құралдары биылғы жылы өте мықты болды. Дауыс берушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл қоғамның саяси мәдениетінің артқандығын көрсетеді, ел билікке сенеді. Ал сайлауға қатысу азаматтардың мемлекетке деген сенімінің көрсеткіші.
«Мен таң ата Қазгидрометтен дауыс бердім. Таңғы сағат 10-00-дер шамасында дауыс беруге барғанмын. Сайлауда ұзын-сонар кезек болғанын бірінші рет көрдім. Меніңше, бұл жолғы дауыс беруге келген азаматтар саны сайлаушылардың 90 пайызынан кем болмайды. Маған тіпті біршама уақыт күтіп тұру қажет болды. Бүгін мен мерекелік көңіл-күйдемін. Елдің де көңілі оңды»,-деді саясаттанушы.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары