- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлаушылар сайлау мәдениетін жастайынан сіңіру қажеттігін айтты (ФОТО)
Сайлаушылар сайлау мәдениетін жастайынан сіңіру қажеттігін айтты (ФОТО)
Олардың пікірлерінше, балалардың азаматтық санасы мен көзқарастарын жастайынан қалыптастыру қажет. Ата-аналардың сөздерінше, балаларға патриоттық сезімді жастайынан сіңіру қажет.
«Бүгінде біздің елімізде тарихи күн – ҚР Президентін сайлау күні. Балаларға осындай тәрбие беру үшін бүгін біз дауыс беруге бала-шағамызбен келдік. Біздің баламыз 1-ші сыныпта оқиды, біз оны осы күннен бастап сайлау мәдениетіне үйретіп жүрміз. Біз оған Президентті қалай сайлайтындығын көрсеткіміз келеді. Әрбір азамат өзінің азаматтық көзқарасын белсенді білдіруі керек, біз өзіміздің болашағымызды таңдап отырған жоқпыз ба»,-дейді № 89 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келген «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкері Асқар Баймырзаұлы.
«Біздің мемлекетіміз үшін кезектен тыс Президент сайлауын өткізу өте маңызды. Бүгін мен сайлау учаскесіне баламмен бірге келдім. Өйткені менің даусым, менің болашағым»,-деді
Ләззат Асқарова.
«Бүгін Қазақстан Президентінің сайлауына отбасымен бірге келдік. Біз үшін бұл шараның маңызы зор. Біз балаларымыздың ерте бастан сайлау мәдениетіне үйренгенін қалаймыз. Қазір олар сайлауға тікелей қатыспағанымен, сайлауды ұйымдастыру мен дауыс беру үдерісін көргендері дұрыс»,-деді Наурызбаевтар отбасы дауыс беру шарасы барысында.
Айта кететін мәселе, ҚР Президентіне кандидат үшін дауыс беруге балаларымен бірге жас отбасылар ғана емес, көпбалалы отбасылар да келді.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері