• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан өзінің халқының арқасында айтарлықтай өсті – хорватиялық байқаушы

Қазақстан өзінің халқының арқасында айтарлықтай өсті – хорватиялық байқаушы

26 Сәуір, 2015 16:04
Қазақстан өзінің халқы мен үкіметінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізді, деді Хорватиядан келген байқаушы Хорватия Парламентінің депутаты Домагой Иван Милошевич.

«Мен үшін бұл сайлауда байқаушы болу мәртебе, мен бұл елге осымен үшінші рет келіп отырмын, осы ретте айтатыным Қазақстанда жүріп жатқан үдерістер демократиялық сайлаудың жоғары стандарттарын енгізді»,-деді байқаушы.

Бұған қоса, Домагой Иван Милошевичтің айтуынша, Қазақстанға 3 рет жасаған сапары барысында ол еліміздің айтарлықтай дамығандығын байқаған. 

«Мен сіздердің халықтарыңыз бен үкіметтің арқасында үлкен жетістікке жеткендеріңізді көріп отырмын»,-деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар