• Басты
  • Жаңалықтар
  • Драгомир Карич: Қазақстандағы Президент сайлауының деңгейі Еуропадағыдан жоғары

Драгомир Карич: Қазақстандағы Президент сайлауының деңгейі Еуропадағыдан жоғары

26 Сәуір, 2015 15:31
Қазақстандағы Президент сайлауының ұйымдастырылу деңгейі Еуропадағыдан әлдеқайда жоғары, деді ҚР Президенті сайлауын халықаралық деңгейде байқаушы, Сербия Республикасының Халықтық скупщина депутаты Драгомир Карич.

«6 дауыс беру учаскелерінде дауыс беру кезінде бюллетень салатын жәшіктің жабықтығын, оның пломбасы мен сайлаушылардың өздерін ұстау әрекеттеріне назар аудардым. ҚР Президентінің сайлауына  елдер бала-шағаларымен келіп жатыр. Мен бүгін өзімнің біраз әріптестеріммен тілдестім, олар да Қазақстан Президенті сайлауының жоғары деңгейде өткендігін айтып отыр. Қазақстандықтар үшін бұл күн мереке екен»,-деді Д.Карич.

Халықаралық байқаушының айтуынша, Қазақстандағы сайлауда Еуропа елдеріндегі сайлаумен салыстырғанда, соның ішінде Сербия елімен, Қазақстанда сайлаудың Еуропа елдерінен әлдеқайда жоғары деңгейде өтетіндігіне көз жеткізуге болады.

«Қазақстанға келетін инвесторлар бірінші кезекте елдің тұрақтылығына назар аударады. Ал, Қазақстанның тұрақтылығы ол Орталық Азияның тұрақтылығы. Сіздердің елдеріңіздің басты байлығы адамдар, білім, өскелең ұрпақ, тұрғындарды тәрбиелеу мен мәдениет. Бұл құндылықтары мемлекетті нығайтады, ал мықты мемлекет бүкіл әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады»,-деді Сербия ресупбликасы Халықтық скупщинасының депутаты.  

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар