Жамбыл облысында «Тараз» агроөндірістік логистикалық орталығы құрылады

10 Қазан, 2013 17:04
Жамбыл облысында болашақта тек қана елімізде ғана емес, Кедендік Одақ елдерінің нарығын да қамтамасыз ететін «Тараз» агроөндірістік логистикалық орталығы» жобасын іске асыру жоспарлануда, деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімі Қанат Бозұмбаев Орталық Коммуникациялар Қызметінің отырысында.

«Облыста «Тараз» агроөндірістік логистикалық орталығы» жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл 20 агроөндірістік кәсіпкерліктің өндіріс аумағы болады. Бастысы – бұл облыс кәсіпкерліктерінің сату нарығына айналады. Болашақта орталық тек қана еліміздің емес, Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің де нарығын қамтамасыз ететін ірі ауыл шаруашылық хабқа айналуы тиіс», - деді Қанат Бозұмбаев.

Сонымен қатар, жобаның іске асырылуы 1,2 мың адамды жұмыспен қамтып, аралас салада 11 мың жұмыс орнын ашпақ.

«Жалпы,Жамбыл облысында мұндай жобаларды іске асыруға барлық жағдай жасалған: Жер ресурсы, адам капиталы, көлік артериясы, минералды тыңайтқыштар, заманауи технологиялар мен құрылыс материалдары бар», - деді әкім.

Айта кету керек, облыс көлемінде 600 мың бау-бақша өнімдері өндіріледі. Бұл жергілікті сұраныстан анағұрлым көп. Есесіне маусымаралық уақыттарда жас көкеністер жетіспейді.

Осы мәселені шешу мақсатында облыс көлемінде 405 жылыжай мен 62 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істеуде.

 

Барлық жаңалықтар