- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелде оқып жатқан 400-ден аса әскери қызметші ҚР Президентінің сайлауына қатысты (ФОТО)
Шетелде оқып жатқан 400-ден аса әскери қызметші ҚР Президентінің сайлауына қатысты (ФОТО)
Бұл үшін он елдің ірі қалаларында бірыңғай сайлау учаскелері ұйымдастырылған болатын. Мысалы, Тверь, Рязань, Смоленск, Ярославль, Краснодар, Воронеж, Кострома қалаларындағы әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары үшін бірыңғай сайлау пункті Мәскеуде ашылды. Мұнда таң атысымен 159 әскери қызметші дауыс беріп үлгірді.
«Қазақстан Президентінің сайлауына қатысу – біздің конституциялық құқығымыз және азаматтық борышымыз. Бұл шара - ел тағдыры. Мемлекет басшысын таңдау арқылы біз өз болашағымызға, тұтастай еліміз қадам басар жолға таңдау жасаймыз. Мен әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды деп санаймын. Біздің әрқайсысымыз сайлауға осы жауапкершілікті түсіне отырып келдік. Туған елімізден жырақта жүрсек те, оның тағдыры бізді бей-жай қалдырмауы тиіс деп ойлаймын», - дейді Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Әскери университеті 5-курсының курсанты Данияр Жанжүменов.
Осылайша дауыс беру біздің әскери қызметшілеріміз жүрген басқа елдерде де өтуде. Олардың әрбірі сайлау учаскесіне жете алуы үшін күні бұрын бару және қайту бағыттарына әуе және темір жол көліктеріне билеттер алынған болатын. ҚР Президентінің сайлауына Ресейде (248 адам), Беларусте (35 адам), Украинада (19 адам), Түркияда (73 адам), Оңтүстік Кореяда (4 адам), АҚШ-та (8 адам), Қытайда (30 адам), Ұлыбританияда (1 адам), Германияда (1 адам) және Үндістанда (12 адам) әскери жоғары оқу орындарында оқуда жүрген барлығы 437 қазақстандық курсант пен офицер қатысып үлгерді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді