• Басты
  • Жаңалықтар
  • Стивен Стокман: Қазақстанда бар-жоғы 20 жыл ішінде демократияның айтарлықтай өскені байқалуда

Стивен Стокман: Қазақстанда бар-жоғы 20 жыл ішінде демократияның айтарлықтай өскені байқалуда

26 Сәуір, 2015 14:48
Қазақстанда бар-жоғы 20 жыл ішінде демократияның айтарлықтай өскені байқалуда, деді Америка Құрама Штатынан келген халықаралық байқаушы және экс-конгрессмен Стивен Стокман Астанадағы брифинг барысында.

«Бүгін мен бірқатар сайлау учаскелерін араладым, сайлау процесін бақыладым, мен өзім АҚШ азаматтарымен сайланғанмын, мен үшін бұл өте қызықты болды. Мен Шығыс Техастан сайланған конгрессменмін. Мен екі рет Украинадағы және АҚШ-тағы сайлауды бақыладым, ал мұнда барша АҚШ атынан мониторинг жүргізіп отырмын. Байқағаным сіздерде ұзын сонар кезектер, оның үстіне сайлау демалыс күні өтуде», - деп мәлімдеді Америкаден келген байқаушы.

Сонымен қатар, Стокман атап өткендей, мониторинг барысында байқаушылардың еркін қимылдап, жүруі үшін барлық жағдайлар жасалды.

«Бізге сайлау учаскілерінде жүріп тұруымыз үшін еркіндік берілді. Қазақстанда бар-жоғы 20 жыл ішінде демократияның айтарлықтай өскені байқалуда», - деп түйді Стивен Стокман.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар