- Басты
- Жаңалықтар
- Сағат 12-дегі жағдай бойынша Қазақстан Президентінің сайлауында сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс берген - Охлопкова
Сағат 12-дегі жағдай бойынша Қазақстан Президентінің сайлауында сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс берген - Охлопкова
«Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ақпарына сәйкес сағат 12-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс беріп үлгерген», - деді Т.Охлопкова Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына сайлаушылардың қатысымы туралы.
Сонымен Ақмола облысы бойынша сайлаушылардың - 51, 01%- ы дауыс беруге келген, Ақтөбе облысы бойынша - 36,11%, Алматы облысы бойынша -60,68%, Атырау облысы бойынша - 47,54%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 48,24%, Жамбыл облысы бойынша- 49,91%, Батыс Қазақстан өңірі бойынша - 40,66%, Қарағанды облысы бойынша - 43,35%, Қызылорда облысы бойынша -45,56%, Қостанай облысы бойынша-56,57%, Маңғыстау облысы бойынша - 34,12%, Павлодар облысы бойынша - 42,63%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша-50,11%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша- 32,62%, Астана қаласы бойынша - 25,46%, Алматы қаласы бойынша - 17,25%.
ҚР ОСК мүшесі дауыс берудің республика бойынша 9 741 сайлау учаскесінде өтіп жатқанын еске салды. Астана уақытымен таңғы сағат жетіде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Сайлау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Еліміздің Батыс өңірлерінде уақыттағы айырмашылықтарға байланысты сайлау Астана уақытымен 21.0-де аяқталады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өкілдіктері мен шетел мемлекеттерінде 65 сайлау учаскесі ашылған. Бұл ретте Вашингтонда, Нью-Йорк пен Оттавада сайлау ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Астана уақытымен сағат таңғы 6-да аяқталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 856 халықаралық байқаушы тіркелген. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрілігінде 37 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының 168 өкілі тіркелген. Осылайша, ОСК ақпарынша, барлығы 1024 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі тіркелген.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады