ҚР Премьер-Министрі президенттік сайлауда дауыс берді

26 Сәуір, 2015 13:14
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.

К.Мәсімов Астана қаласы М.Горький атындағы орыс драма театрындағы №99 сайлау учаскісіне барды.

Айта кетерлік жайт, Премьер-Министр сайлауға жұбайымен бірге келіп, сайлау бюллетендерін дауыс беру қорабына салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015  жылы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы Ассмаблеясының Кееңесі көтерді. 

Барлық жаңалықтар