- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат А.Құсайынов Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс берді
Кандидат А.Құсайынов Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс берді
Аталмыш сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын халықаралық сарапшылар атынан Мемдуманың ресейлік депутаты, бұрынғы белгілі боксшы Николай Валуев қадағалап отыр. Ол Астанаға келген әріптестерімен бірге сайлау процесін қадағалауда.
Атап өтсек, ел президентінің сайлауына қатысу өтінімін Әбілғазы Құсайынов 12 наурызда берген. Қазақстанның кәсіподақ федерациясының басшысы ОСК-ге өз-өзін ұсынушы ретінде құжаттарын тапсырған. Ол кезде Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауға қатысуын, сайлау процесінің қоғамның өзекті мәселелерін көтерудің және оған әр қазақстандықтың назарын аудартудың мүмкіндігі екенімен түсіндірді.
Айта кетелік, Әбілғазы Құсайынов 63 жаста. Ол Қарағанды облысының тумасы. Әр жылдары ол мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарған: республика Парламентінің депутаты, көлік және коммуникация вице-министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік жолдары комитетінің төрағасы болған. Сондай-ақ ол Қазақстанның индустрия және сауда вице-министрі қызметін де атқарған. 2009 жылы Құсайынов Көлік және коммуникация министрлігін басқарған. 2012 жылы Қарағанды облысының әкімі болған. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанның кәсіподақ федерациясын басқарып келеді.
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі