15 қазанда Астананың барлық мешіттерінде мерекелік айт намазы болады

10 Қазан, 2013 16:41
Астананың барлық мешіттерінде 15 қазан күні таңғы 08:10-да мерекелік айт намазы болады,деп хабарлайды «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов.

«Діни шаралардың ұйымдасқан түрде өткізілетін негізгі жері – «Алтын таға» базары. Сонымен қатар, құрбан шалу орындары мына жерлерде жұмыс істейді: «Астаналық плюс-комбинаты» ЖШС, «Нұр береке 555» ЖШС, «Шәушен» шаруашылығы, «Мақсат 2007» ЖШС, «Темеш» шаруашылығы, «Теміржолшылар» тұрғын үй сілемі», - деп хабарлайды «Нұр-Астана» мешітінің наиб-имамы Төлеби Оспан.

Т.Оспанның айтуынша, Астана мешіттері мен ҚМДБ «Зекет» қоры құрбандыққа шалынған малдың етін Астана қаласы мен Ақмола облысындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына таратпақ.

Айта кету керек, қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде қазанның 13-15 аралығында үш күн демалысқа шықпақ.

 

 

Барлық жаңалықтар