ҚР Мемлекеттік хатшысы Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс берді (ВИДЕО)

26 Сәуір, 2015 11:56
Астанадағы №89 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова өз дауысын берді.

«Адамдардың мерекелік көңіл күйі сезілуде. Жалпы, біз Қазақстанның болашағы, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік қауіпсіздік және рухани құндылықтардың дамуы  үшін дауыс береміз», - деп атап өтті мемлекеттік хатшы.

Ұлттық академиялық кітапханадағы №89 сайлау учаскесінде елордалық тұрғындар ерекше белсенділік танытты. Таңғы жетіден бастап Қазақстанның 500-дей азаматы дауыс беруге келді. 

Сайлауға зейнеткерлер, жас отбасылар балаларымен бірге, алғаш рет дауыс бергелі отырған студенттер келді. Көптеген сайлаушылар үшін бүгін мереке, себебі көбі ҚР Президентінің сайлауы - бұл елдің басты таңдауы, әр қазақстандықтың  болашағы деп санайды.

Барлық жаңалықтар