- Басты
- Жаңалықтар
- Болашақ Қазақстан Президентіне дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы – зейнеткер (ФОТО)
Болашақ Қазақстан Президентіне дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы – зейнеткер (ФОТО)
Әр адам өз мемлекетінің болашағы, балалары мен немерелері үшін алаңдайды, себебі Қазақстан басшысына әр қазақстандықтың одан арғы өмірі байланысты деп есептейді. Аға буынның есептеуінше, болашақ Қазақстан Президентіне дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы.
«Бүгін жалпыхалықтық мереке. Біз еліміздің Президентін таңдаймыз. Сайлауға өзімнің жарыммен келдім. Ол батыр ана. Мен Қостанай облысы Амангелді ауданының Құрметті азаматымын. Музыкант ретінде жұмысымды жалғастырудамын, кәсіби маман ретінде маған деген сұраныс әлі бар. Президент сайлауына барлығы баруы керек деп есептеймін, біз болашағымызды таңдап жатырмыз ғой», -деді ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Астана қаласындағы № 89 сайлауы учаскесінде дауыс берген зейнеткер Сапар Ахметжанов.
«Бүгін өзімнің азаматтық міндетімді орындау үшін сайлауға келдім. Мен жастарды көргім келді, белсенді жастарға қызыға қараймын, біздің болашағымыз осы жастар ғой. Тәуелсіздік жылдарында біз еліміздің дамуында үлкен игі өзгерістер болғандығын көрдік. Еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бәрі мемлекет басшысына байланысты, себебі басшының бәрі елді дұрыс басқара алмайды, оған әлемдік қауымдастықта дәлелдер де бар», - деп атап өтті №23 елордалық сайлау учаскесіне өз даусын беруге келген зейнеткер, Астана ардагерлерінің қалалық кеңесінің мүшесі Қайрат Кенжебұлатов ҚР президентінің сайлауында.
«Қазақстанның әр азаматы ҚР болашақ Президенті үшін өз даусын беруі керек. Біз еліміздің болашағын таңдаймыз. Менің отбасымнан сайлауға төрт адам келді, әрқайсысы өз таңдауын жасайды», - деді Астананың медициналық университетінің оқытушысы Майра Тохаева.
«Мен бүгінде біздің мемлекетіміз экономикалық тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты деп сенімді айта аламын. Ел Президенті дұрыс саясат жүргізуі керек, мен өз таңдауымды жасадым және оның дұрыс екеніне сенімдімін. Мен өзімнің отбасымның барлық мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуға шақырдым», - деді зейнеткер, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты