Шет мемлекеттерде 65 сайлау учаскесі ұйымдастырылды

26 Сәуір, 2015 11:33
Қазақстанның шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде 65 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Бұл осыған дейінгі сайлаулардан 2 есеге артық, деді ҚР ОСК баспасөз-қызметі.

Баспасөз қызметі сонымен қатар, барлық учаскелердің  қажетті инфрақұрылымдармен  және сайлау материалдарымен қамтамасыз етілгендігін хабарлайды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің  мәліметтерінше, Қазақстанның 20 мыңға жуық азаматтары  шет мемлекеттерде дауыс бере алады.

Орталық сайлау комиссисясының деректері бойынша, сайлауды 1 мыңнан астам шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылауда.  

 

Барлық жаңалықтар