Қазақстан Президентінің сайлауы заңбұзушылықсыз өтуде - Мельдешов

26 Сәуір, 2015 09:37
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы заң бұзушылықсыз өтіп жатыр, деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комсиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.

«Қазіргі таңда еліміздің барлық аумағында орналасқан сайлау учаскелері дауыс беруге кірісіп кетті. Атап айтсақ, Ақмола облысында - 808, Ақтөбеде - 521, Алматыда- 883, Атырауда-232, Шығыста - 1079, Жамбыл облысында  - 461, Батыс Қазақстанда - 523, Қарағандыда- 784, Қызылордада - 345, Қостанайда - 847, Маңғыстауда -177, Павлодарда -576, Солтүстік Қзақастанда -709, Оңтүстік Қазақстанда - 1029, Астана қаласында - 254, Алматыда - 513», - деп хабардар етті ОСК-дегі брифингте Б.Мельдешов.  

Жалпы, дауыс беру республиканың барлық 9 741 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. 

«Ақпараттарға сәйкес, бүгінгі таңда дауыс беру транспарентті, әділ, ешқандай заңбұзушылықтарсыз ашық, іскерлік жағдайда, тыныш және сайлау заңнамаларының нормаларына сәйкес өтіп жатыр», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ақпаратынша, сайлауды шетелдің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тың 1000-нан астам байқаушылары бақылауда. 

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар