• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ирригация жүйесін ұйымдастыру бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 5 су қоймасы пайда болады

Ирригация жүйесін ұйымдастыру бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 5 су қоймасы пайда болады

10 Қазан, 2013 16:29
Ирригация жүйесі мен суармалы жерді қалпына келтіруді ұйымдастыру бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 5 су қоймасы пайда болады , деп Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозұмбаев ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.

«Географиялық құрылым бойынша аймақтың 80 пайыз су ресурстары Қырғыз елінің өзендерімен жалғасып жатыр. Сондықтан, ауыл шаруашылық қызметкерлері жаз кезінде судың тапшылығына ұрынады. Осы орайда суармашылықты дамытатын аймақтық  бағдарлама құрастырылды. Жамбыл облысының суармалы аудандарын дамытудың 2014-2020 жылғы жоспары құрылды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  облыста 5 су қоймасының құрылысы жүзеге асады», - деді Қ. Бозұмбаев.

Сонымен қатар, Қалғұт, Шу, Рғайты, Талас, Аспара өзендерінде су қоймалары салынбақ.

Облыста 3 мың га жерді алып жатқан су үнемдейтін технологиялар жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар