- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяда арнайы жиында жүрген ҚР ҚК жауынгерлері ҚР Президентінің сайлауына қатысты
Оңтүстік Кореяда арнайы жиында жүрген ҚР ҚК жауынгерлері ҚР Президентінің сайлауына қатысты
Қазіргі уақытта олар Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы жиында Дүниежүзілік армияшылардың спорттық ойындарына дайындалуда. Дауыс беру үшін олардың барлығы Сеул қаласына жол тартты, онда алдын ала арнайы сайлау учаскесі құрылған болатын.
Айта кету керек, уақыттың айырмашылығына байланысты күн шығыс елінде жүрген қандастарымыз 5 сағат бұрын өз таңдауын жасап үлгерді. «Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін, сондықтан да Президент сайлауына қатысуды өз борышым деп санаймын. Ел болашағы оның азаматтарының қолында болғандықтан, әрбір қазақстандықтың дауысы өте маңызды», - дейді ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшісі Алмас Мүкаманов.
Таеквондодан ҚР Қарулы Күштері командасының құрамында ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшілері Әнуар Үсенов, Алмас Мүкаманов, Исламғали Әбуов, Марат Әбдіқалиев, Руслан Жапаров, Мереке Жүнісова және Сұлтан Қалибекұлы бар. Осы кезде, Оңтүстік Кореядан бөлек, Ресейде, Беларусьте, Украинада, Түркияда, АҚШ-та, Қытайда, Ұлыбританияда, Германия мен Үндістанда жүрген 400 ден астам әскери қызметшіміз дауыс беру шарасына қатысып жатыр. Осыған орай аталған елдердің ірі қалаларында уақытша сайлау учаскелері құрылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі