- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 мың 741 сайлау учаскелерінде өтіп жатыр – ҚР ОСК
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 мың 741 сайлау учаскелерінде өтіп жатыр – ҚР ОСК
«Бүгін 2015 жылдың 26-шы сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылдың 25-ші ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығына сәйкес, республиканың барлық аймақтарында кезектен тыс Президент сайлауы бойынша дауыс беріледі. Президент сайлауы еліміздің маңызды науқаны. Тиісті сайлау мемлекеттік органдары сайлауды өткізу үшін барлық қажетті ұйымдастыру, техникалық және қаржылық шараларды қабылдады. Нормативті-құқықтық құжаттар, әдістемелік құралдар сияқты өзге де қажетті материалдар мен құжаттар уақытында даййындалды. Еліміздегі барлық сайлау комиссиялары дауыс беру мен берілген дауыстарды санауға дайын»,-деді Б.Мельдешов ОСК-да өткен брифингте.
Дауыс беру Астанадағы барлық 9741 сайлау учаскілерінде таңғы сағат жетіде басталады және кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
«Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттеріндегі өкілдіктерінде ашылатын 65 сайлау учаскесі бар. Еліміздің батыс аймақтарында уақыт алшақтығына байланысты дауыс беру уақыты Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ге дейін жалғасады. Ал, Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавадағы сайлау учаскілері Астана уақыты бойынша ағымдағы жылдың 27- сәуірінде сағат таңғы 6-да жабылады», - деп атап өтті ҚР ОСК хатшысы.
«ҚР Орталық сайлау комиссиясы өз қызметінде барынша ашық және сайлау науқанын өткізуге мүдделі барлық ұйымдармен сайлау заңнамасынның нормаларына сәйкес байланыс орнатуды ұстанатын болады», - деді ол.
Камила Амирова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр