- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері Иорданияда өткен Халықаралық жарыстағы тұңғыш кубогын жеңіп алды (ФОТО)
Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері Иорданияда өткен Халықаралық жарыстағы тұңғыш кубогын жеңіп алды (ФОТО)
Бес күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлері командалық 10 кезеңде және жеке біріншілікте сайысқа түсті. Әр кезең бойынша жүлделі орынға ие болған топқа кубоктар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі ең негізгі және күрделі «Королдік сынақ» кезеңінде үшінші орынға ие болды.
Бұл аталған жарыстағы қазақстандық команданың алған бірінші кубогы. «Бұл жүлде келесі топқа ынталандыру болады деп үміттенеміз. Біз жеңістің тәжірибеде шыңдалатынына тағы да куә болдық. Осы жерде біз өз кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымызды байқадық. Алдағы уақытта біз кәсіби шеберлігімізді нығайтатын боламыз», - деп атап өтті қазақстандық әскери қызметшілер.
Осы жаттығу барысында команда 10 шақырым қашықтықты игеру, яғни қатысушылардың әрқайсысы мергендік және автоматты винтовкадан, пистолеттен, помполық қарудан және королдік топтамадағы пистолеттен нысананы бағындыруы тиіс болды. Аталған кезеңде арнайы мақсаттағы топ Қытай командасынан екінші атыс бойынша бірнеше балл жіберіп алды.
Жарыстың аяқталу рәсімінде «KASOTC» оқу-жаттығу орталығының бастығы бригада генералы С.Аль-Забен «Warrior жарысы» өзінің кеңістігін жылдан жылға кеңейткенін, ал сипаты бойынша жаттығулар ұрыс жағдайымен тең екендігін атап өтті.
Ендігі «Warrior» жарысы дәл бір жылдан кейін өткізілетінін айта кеткен жөн.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді