• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-да елдегі діни ахуалды түсіндіру мақсатында ЖОО студенттерімен кездесу өткізілуде

БҚО-да елдегі діни ахуалды түсіндіру мақсатында ЖОО студенттерімен кездесу өткізілуде

10 Қазан, 2013 15:43
Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-насихаттау тобының елдегі діни ахуал мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын ЖОО мен орта кәсіптік білім беру орындарының I курс студенттеріне түсіндіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 9 қазанында ақпараттық-насихат тобы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен лекция-кездесулерді бастады.

«Кездесу барысында жастарға дәстүрлі діннің құндылықтарын жан-жақты түсіндіріп, теріс діни ағымдардың идеологиясы ашылып, сақтандырылды», - делінген хабарламада.

Кездесуде көмек орталығының «Жайық», «Жалған ағыммен арбалғандар» бейнебаяндары  көрсетіліп, сонымен қатар мамандар жастардың «Тәкбіршілер деген кімдер?», «Теріс ағымға түскен жандарға қандай діни көмектер көрсетіледі?», «Теріс ағымдардан сақтану үшін не істеу керек?» деген  сұрақтарына жауап берді.

Айта кету керек, мұндай кездесу 2013 жылдың 31 қазанына дейін жалғаспақ.

 

 

Барлық жаңалықтар