Астанада Кедендік одақтың техникалық регламенті талқыланды

25 Сәуір, 2015 12:04
ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп Аймақтық штабтың кезекті отырысын өткізді, деп ведомсвтодан хабарлады.

Мәжіліс барысында Кедендік одақтың «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы», «Автомобиль жолдары туралы» және «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері талқыланды.

 

«Отырыста Аймақтық штабты өткізудің мақсаты - түйіткілді мәселелерді анықтау, ағымдағы жылдың 15 ақпанда күшіне енген техникалық регламент бойынша кәсіпорындардың ескертпелері мен ұсыныстарын қарау», - делінген хабарламада.

ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов өз сөзінде атап өткендей, Еуразиялық экономикалық комиссияның бекіткен тәртібіне сәйкес мүдделі тараптардан техникалық регламент бойынша ескертпелер мен ұсыныстар аталмыш құжатты жасақтаушы – Ресей Федерациясының Көлік министрлігіне жіберіледі.

«Аталмыш техникалық регламентті түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер барлық аймақтарда 100-ден астам кәсіпорындардың, бизнес қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілуде», - деді ол.

Бұдан басқа, ол кәсіпорындарды бетпе-бет келген проблемаларды шешу үшін бірлесіп белсенді жұмыс істеуге шақырды. 

Барлық жаңалықтар