- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК төрағасының орынбасары В. Фоос Корея мен Грузия республикаларынан келген делегациямен кездесті
ҚР ОСК төрағасының орынбасары В. Фоос Корея мен Грузия республикаларынан келген делегациямен кездесті
Корея тарапынан кездесуге ҰСК-ның Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Парк Кван-Сеоб және ҰСК-ның бас консультанты Ким Чжон Су қатысты.
Кездесуге Грузия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атынан Грузия ОСК мүшелері Д. Джавахадзе мен Г. Чикаберидзе қатысты.
Владимир Фоос халықаралық байқаушыларды еліміздің сайлау заңнамасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президенттік сайлауды әзірлеу жөніндегі жұмысымен таныстырды, ол сонымен қатар «Қазақстанға бұл сайлауға бұған дейін СІМ ұсынуымен аккредиттелген мыңнан астам халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері келеді, олардың ішінде үш халықаралық Миссия мен 37 шет мемлекеттен байқаушылар бар.
Сайлау процесін байқау, сонымен қатар қоғамға БАҚ арқылы уақтылы толық ақпарат беру транспаренттікті қамтамасыз етіп, дауыс беру нәтижелеріне сенімді арттырады.
ҚР ОСК жүргізетін мониторинг нәтижелері еліміздің сайлау заңнамасының Президенттікке кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы талаптарының сақталғанын көрсетеді», - деді.
Бұдан әрі В. Фоос делегациялар мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы заңнамалық база мен сайлауды өткізу тәжірибесіне қатысты, үгіт науқанының барысы мен кандидаттардың белсенділігі туралы, сондай-ақ Ортсайлаукомның БАҚ-пен электораттық кезеңде халықты ақпараттандыру бөлігіндегі ынтымақтастығы туралы сұрақтарына жауап берді.
Соңында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының өркениетті және орынды өтіп жатқанын, бұл – жақсы ұйымдастырылған дайындық пен Қазақстанның ашық, айқын және демократиялық сайлауды өткізуге талпынысы туралы куәландыратынын атап өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері