- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Жарма ауданындағы жаңа қабылдау пункті күніне 850 литр сүт қабылдай алады (ФОТО)
ШҚО-ның Жарма ауданындағы жаңа қабылдау пункті күніне 850 литр сүт қабылдай алады (ФОТО)
Жарма ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов Бірлік ауылында «Имадилов» шаруа қожалығының сүт қабылдау пунктімен танысты. Ресейден әкелінген 3 тонналық заманауи «Fresh milk» сүт сақтағыш құрылғысы халықтан күніне 850 литр сүт жинап, өңірдегі сүт зауыттарына жолдауға мүмкіндік береді. Құны 3 млн. 200 мың теңге тұратын кешен «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ несиесі арқылы алынған.
«Бұған дейін ауыл халқы сауылған сүттерін өткізе алмай қиналатын. Ал қазір біз мұнда сүттің литрін 60 теңгеден қабылдаймыз. Тек Бірлік ауылында ғана 184 отбасы келіп сүт өткізеді», – деді шаруа қожалығының басшысы Ерболат Имадилов.
Өз кезегінде өңір басшысы халықтан сүт қабылдау кезінде ең алдымен санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті сақтау маңыздылығын айтып өтті.
«Сүт өткізу кезінде тұрғындардың барлығында бірыңғай бидон болуы тиіс. Бидонға құйылып әкелінбесе, пункт сүтті қабылдамауы керек. Осы арқылы біз сапалы әрі қауіпсіз сүт өнімдерін өндіруге қол жеткіземіз. Әлемдік стандарттарға сай сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыру маңызды», – деп түйді Д. Ахметов.
2016 жылға дейін Жарма ауданы бойынша дәл осындай заманауи құрылғы әкеліп, жалпы 5 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарланған.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 115 елді мекен тұрғындарынан сүт жинап, жергілікті сүт зауыттарының 54% шикізатын беретін 37 сүт-тауар фермасын ұйымдастыру қолға алынған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады