- Басты
- Жаңалықтар
- Көлік бағыттарын оңтайландыру Алматы қаласындағы жолаушылар ағынын көбейтеді – А.Есімов
Көлік бағыттарын оңтайландыру Алматы қаласындағы жолаушылар ағынын көбейтеді – А.Есімов
Естеріңізге салайық, жобаны Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көліктің жұмысын жетілдіру мақсатында БҰҰ ДБ «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты бағдарламасымен бірге дайындаған.
Жобаның авторы Нил Берштің айтуынша, тұжырымдаманың негізіне қоғамдық тасымал жүйесінде басымдықтарды белгілеу сияқты түйінді шешімдер енгізілген. Басқаша айтқанда, метромен бәсекелесетін және оның бағыттарын қайталайтын автобустар мен өзге де бірқатар бағыттарды қысқарту көзделіп отыр. Сонымен қатар, болашақта көліктің перспективті түрлерінің бірі ретінде жеткізуші бағыттарды енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.
Қала әкімі жобаның тұжырымдамасымен танысып шығып, оның өзекті екендігін атап өтті. Алайда, ол құжатқа қатысты өзінің бірқатар ескертулерін жасап, оны бүгінгі күннің жағдайы мен мегаполисті дамыту болашағы негізінде 1 айдың көлемінде жетілдіріп бітіру қажеттігін айтты. Бұл ретте ол қолда бар ресурстарды сауатты әрі тиімді пайдалану мәселесіне жіті назар аударды. Әкімдік мәліметтерінше, қалада «Сайран» және «Мәскеу» жаңа стансалары қосылғанан кейін 3-4 күннің ішінде Алматының жерасты жолын пайдаланушылар саны екі есеге артып, бүгінгі таңда 40 мың адамнан асқан. Қала басшысы тұжырымдамалық шешімдер қабылдауда басты мәселе метромен байланысты болуы керек екендігін, ал болашақта жеңілрельсті көліктер мен метробустар басымдыққа ие болатындығын атап өтті.
Шаһар басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мегаполистің қоғамдық көлік жүйесіндегі барлық реформалар өздерінің тиімділіктерін көрсетіп, көлік саласындағы жағдайдың тұрақтануына ықпал етті және қызмет көрсету сапасын арттырды. 2015 жылдың 1-ші тоқсанында барлық көліктермен тасымалданған жолаушылар саны 70,6 миллион адамды құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,2 пайыз болып отыр.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу