- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Жоғарғы Сот төрағасы АҚШ дипломаттарымен кездесті
ҚР Жоғарғы Сот төрағасы АҚШ дипломаттарымен кездесті
«ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Майкл Клечески және Астанадағы АҚШ елшілігіндегі саясат және экономика бойынша кеңесшінің орынбасары Брайан Дагганмен кездесті. Жоғарғы Сот органының басшысы шет елдік қонақтарға Қазақстандағы сот құрылысы жүйесі, судья қызметіне үміткерлерді іріктеу тәртібі, медиация саласындағы ұлттық заң шығару жайлы айтты. Сонымен қатар, Б.Бекназаров АҚШ сапары мен ондағы әріптестерімен кездескендегі алған әсерімен бөлісті», - делінген хабарламада.
Дипломаттарды шет елдік компанияларға қатысты сот пікірталастарын шешу мәселесі қызықтырды. Б. Бекназаров сот пікірталастары туындаған кездері олардың арасында келісімнің түзілуіне байланысты мемлекеттік те, төрелік те сотқа жүгіне алатындарын айтты.
«Алайда, ол жерде мемлекеттің мүддесі бар болса, ұлттық қауіпсіздік, салықтық және экологиялық заң бұзушылықтар орын алса, ондай жағдайды тек мемлекеттік сот қана қарайды», - деді Б.Бекназаров.
Өз кезегінде АҚШ дипломаттары халықаралық әріптестіктің нығая түсетіндігіне сенімдерін білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі