Алматыда 2 балабақша ашылды

24 Сәуір, 2015 17:26
Алматыда 2 балабақша ашылды. Әуезов ауданында ашылған балбақшаға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды әкімдік.

Қала әкімі балабақшаның ашылуы жергілікті тұрғындардың мектепке дейінгі білім беру мекемесіне деген қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп отыр. №136 балабақша 3-7 жас аралығындағы 120 баланы қабылдауға дайын. Екіқабатты балабақша ғимараты ығайластырылған жоба бойынша 1 жылға жетпейтін уақытта салынып бітті. Ол 6 топқа есептелген, олардың бірі мектепке дайындық тобы.

«Бұл барлық талаптарға жауап беретін заманға сай, жаңа балабақша. Бұл жерде ойын бөлмелерін қоса алғанда баланың өсіп, дамуына қажеттінің бәрі бар»,-деді А.Есімов.

Хабарламада жыл басынан бері Алматыда 2015 жылға жоспарланған 17 балабақшаның 14-нің ашылғандығы айтылған. Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың әлі жалғасатындығын жеткізді.  

«Осы бағыттағы жұмыстардың арқасында біз мектепке дейінгі мекемелерге деген зәрулікті төмендетеміз»,-деді А.Есімов.  

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда соңғы 6 жылда 40 жаңа балабақша салынып, мектепке дейінгі 7 мекеме коммуналдық меншікке қайтарылды. Бүгінгі таңда мегаполиста 371 мектепке дейінгі мекеме бар, онда 51 мың 772 бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 175-і мемлекеттік, 153-і жеке меншікте, 43 жеке шағын орталық бар.    

 

Барлық жаңалықтар