- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мерекелік медальдармен марапатталуда
Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мерекелік медальдармен марапатталуда
Марапатталатындар тізімінде 5438 адам, оның ішінде 130 Ұлы Отан соғысына қатысушы бар. Екі күн бойына қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, әкімнің кеңесшісі және қалалық мемлекеттік мекемелер басшылары соғыс ардагерлеріне тұрғылықты жеріне барып, медальдар тапсыратын болады.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева Ұлы Отан соғысының ардагерлері Гнучий Иван Иванович пен Еналиев Исмаил Исханұлының үйлеріне барды. А.Арынғазиева ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін берді және зор денсаулық, сергектік, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, сыйлықтар тапсырды. Одан басқа, екі ардагер де 9 мамырды жөнделінген пәтерлерде қарсы алуға дайындалуда.
Белгілі болғандай, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында қаламызда «Ардағым ардагерім» атты акция аясында тұрғын үйі жөндеуді қажет ететін 76 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Қайырымдылық акция барысында жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік қаржы есебінен 27 млн. 825 мың теңге жұмсалады.
Осы қайырымдылық акциясы аясында «Рокос ЛТД» ЖШС Гнучий Иван Ивановичтің пәтеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.Жөндеу барысында пәтердің төбесі жөнделіп, есіктер, терезелер, тұсқағаздар, линолеум ауыстырылды. Бөлмелерге және ас бөлмесіне аспа шамдар орнатылды, сыртқы есік жаңаға ауыстырылып, қонақ бөлмеге ауа баптағыш орнатылды. Осы мақсатқа «Рокос ЛТД» ЖШС 600 мың теңге қаражат бөлді.
Бұдан басқа, Осы қайырымдылық акциясы аясында «КазНефтеГазЭкспорт» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагері Еналиев Исмаил Исханұлының пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу барысында пәтердің лоджиясы әйнектеліп, жөнделді, төбесі жөнделіп, есіктер, терезелер, тұсқағаздар, линолеум ауыстырылды. Сонымен қатар екі дәліз бөлмесіне, жатын бөлмесіне, әжетхана және жуынатын бөлмелерге аспа шамдар орнатылды. Осы мақсатқа «КазНефтеГазЭкспорт» ЖШ 1 млн. теңге қаражат бөлді.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ