- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде су тасқыны орын алған аймақтардың 14 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта оралды
Елімізде су тасқыны орын алған аймақтардың 14 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта оралды
24 Сәуір, 2015 12:28
Су тасқыны басталғалы бері 14 631 тұрғын өз үйлеріне қайта оралды, деп хабарлады ҚР ТЖК Халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы және жүргізіліп жатқан апаттан-құтқару жұмыстары туралы брифинг барысында.
«Қазіргі таңда 2 436 үй су астында қалды, суды сорып алу жұмыстарының нәтижесінде 2 288 үй су құрсауынан шықты. Су тасқыны басталғалы бері 16 200 эвакуацияланғандардың 14 631 тұрғыны өз үйлеріне қайтып келді. Эвакуациялау пунктеріне 499 адам орналастырылған, ал 1070 адам өз туыстарында», - деді Р.Иманқұлов.
Ведомствоның мәліметі бойынша, республика бойынша 122 және су тасқыны салдарынан құртылған 172 автомобиль жолдары қалпына келтірілді.
«Бірлескен күштердің арқасында 23 138 метр уақытша дамба көтерілді, 484 878 текше метр су сорып алынды, 97 217 қаптар қаланды», - деп жалғастырды Р.Иманқұлов.
Жалпы, апаттан-құтқару жұмыстарына 6 108 адам, 1 628 дана техника, 115 суды сорып алу құрылғысы мен 99 жүзу құралдары тартылған.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет