- Басты
- ХЭА мен ЕС INOGATE бағдарламасы Шығыс Еуропа мен Кавказ және ОА елдерінің энергетикалық саясатының шолуын ұсынды
ХЭА мен ЕС INOGATE бағдарламасы Шығыс Еуропа мен Кавказ және ОА елдерінің энергетикалық саясатының шолуын ұсынды

Басылымда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Украина және Өзбекстан сияқты мемлекеттердегі энергетика секторының дамуы мен осы бағыттағы саясат жөнінде толық шолу жасалған. Оның ішінде, инфрақұрылым, жоғары энергиясыйымдылығы, төмен энергиятиімділік, пайдаланылған баламалы энергиялық әлеует пен осы кезде қызмет етіп тұрған аймақтық энергетикалық нарықтар да бар.
«Еліміздің осыншалықты жоғарғы көрсеткішке ие болып отырғандығына қармастан, Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға көп көңіл бөліп отыр. Біз өзіміздің шетелдік әріптестерімізбен әріптестік қатынастарды белсенді дамытып, энергерусурстарды тасымалдауды жетілдірудеміз. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің энергетикалық және мұнай-газ саласы өнім көлем құрып, жетілдіруге дейінгі аралықтан өтті. Біз даму үдерісін әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз»,-деді Энергетика министрі Владимир Школьник.
Халықаралық энергетика агенттігінң шолуында Қазақстанның энергетикалық секторға деген перспективалы көзқарас негізіндегі жетістіктері жоғары бағаланған. «Жасыл экономикаға» көшу туралы Мемлекеттік тұжырымдама қабылданған соң мемлекеттің алдына елдің жалпы энергобаллансындағы баламалы және жаңғыртылатын энергия көздерін 2050 жылы 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған.
Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан мұнай-газ асаласында жаңа технологияларды қабылдауға көп көңіл бөліп отыр. «Біз энергетикалық ресурстарды әртараптандырғымыз келеді, яғни біз инвестицияны тек шикізат шығаруға ғана емес, оны терең өңдеуге де тартуымыз керек және қосымша құнына технологиялық қамту үлесі жоғары өнімдерді шығару да назардан тыс қалмауы керек»,-деді В.Школьник.
Естеріңізге саламыз INOGATE Еруропалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын энергетика саласындағы техникалық көмек бойынша ең ұзақмерзімді бағдарламалардың бірі болып табылады. Бағдарлама 1996 жылы іске қосылды және ол Банкин бастамасы мен INOGATE бағдарламасының Шығыс әріптестігі негізінде отынның қазып алатын түріне, энерггиятасымалдағыштарға, энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін жетілдіруга, климаттың өзгеруі мен жұмсару тәуелділігін төмендету үшін 11 әріптес мемлекетпен ынтымақтастықта қызмет етеді. Бүгінгі таңда INOGATE бағдарламасы 70 бағдарламаны сәтті жүзеге асырды.
Индира Кауметова
-
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр
-
Бюджет кодексі: өзгерістер мен түзетулер
-
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр
-
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті
-
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ
-
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер
-
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы
-
COVID-19: Әлемдегі вакциналау науқаны, Токио Олимпиадасы және карантин шаралары
-
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы
-
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек
-
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері

