- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске қосылды
Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске қосылды
Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың наурызында ҚР Үкіметі «Бизнестік жол картасы 2020» бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қаулыны қабылдады. «Бизнестік жол картасы 2020» бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының қаржы агенттігі - «Даму» қоры, ал операторы – «Атамекен»ҰКП мен әкімдіктер.
«Бағдарлама бірінші кезекте ауылдық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болды. 1 сәуірден бастап екінші деңгейдегі банктер қаржыландырып отырған және ауылдар мен моноқалаларда жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар еш шектеусіз субсидияланатын болады. Ал, салалық қолдау аясында барлық басымдылықтар сақталып қалды, оларды біз 7%-дан 14%-ға дейін субсидиялайтын боламыз»,- деді Л.Ибрагимова.
Оның айтуынша, бірыңғай бағдарлама көлемі жағынан үлкен, мерзімі жағынан жылдам және кәсіпкерлер үшін қолжетімдірек болды.
«ИИДМБ жүзеге асыру аясында 4,5 млрд теңгеге дейінгі барлық жобалар бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялау 10%-ға дейін арттырылды. Осылайша 12-13% бен несие алған ірі жобалар минус 10% төлейтін болды, үстемақы едәуір аз болады, ең көп дегенде 2-3%. Бұл ретте ИИДМБ барлық екінші деңгейдегі банктерде үлкен басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарының қолжетімділігі арта түседі»,- деп атап өтті ол.
Бұдан басқа, валюталық тәуекелдерді төмендету бойынша бірқатар шаралар қабылданды. «Біз валюталық несиелерді, табысының 10% валюта түрінде болатын кәсіпорындардың несиелерін субсидиялаймыз, пайыздық үстемақы қор тарапынан бекітілетін болады»,- деп түсіндірді Ибрагимова.
Камила Амирова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды