- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 10 жоба Индустрияландыру картасына енгізілетін болды
СҚО-да 10 жоба Индустрияландыру картасына енгізілетін болды
«Жыл басынан бері 12 жоба қаралып, олардың 10 Индустрияландыру картасына енгізуге болады деп мақұлданды»,-деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов үйлестіру кеңесінің мәжілісін ашып тұрып.
Кеңеске ұсынылған бірінші жоба май дақылдарын қайта өңдеуге арналған зауыт салумен байланысты. Индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Марат Ысқақов «Зенченко и КО» компаниясы жылына 40 мың тоннан өсімдік майын шығаруды жоспарлап отырғандығын айтты. Жобаның құны 1,4 миллиард теңге және 30 жұмыс орны ашылады.
«Біздің облысымызда тағам өнеркәсібі саласы бойынша алғашқы жобаны «Грибной мир» ЖШС өкілдері ұсынып отыр. Компанияның атқарушы директоры Баян Медетбаева шампиньон өсірумен қатар 2016 жылы зауыт саңырауқұлақтарды қайта өңдейтін қызметті іске қосатынын айтты. Бұл жұмыс барысында олар жергілікті құс зауыттарының қалдықтарын қолданбақ. Жоспарды жүзеге асыру үшін 1,2 миллиард теңге қажет. 90 жұмыс орны ашылады»,-делінген хабарламада.
«Сабан қағазы» ЖШС болса, целлюлоза шығарып, қазақстандық қағаз комбинаттарын қажетті шикізатпен қамтамасыз етпек. Ал «Мұса» шаруа қожалығының басшысы Қадралы Сайдуов отын гранулаларын қайта өңдемек. Үйлестіру кеңесінің қарауына сонымен қатар пластикалық терезелер дайындау, дезинфекциялайтын заттар шығаратын кәсіпорын ашу, нан өнімдерін шығаратын өндіріс құру сияқты көптеген жобалар ұсынылды.
Мәжілістің қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасына енгізу үшін 10 жоба мақұлданды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген