- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жылу маусымының қорытындылары қанағаттанарлық деп танылды
Алматыда жылу маусымының қорытындылары қанағаттанарлық деп танылды
Қала әкімі атап өткендей, өткен жылу маусымын қанағаттанарлық деп бағалауға болады. Қала шаруашылығын жылу маусымына бірігіп дайындауға күш салу арқасында мегаполисте өткен жылу маусымы алдыңғыларға қарағанда сапалы болды. Авариялық жағдайлар үш есе азайды, қуаттарды шектеу болмады, бұған жылы ауа райы да оң ықпал етті.
«Қала үшін электрмен және жылумен қамтамасыз етудің қиын жағдайлары артта қалды. Бұл өте маңызды, бірақ тоқтап қалу деген сөз емес. Жалпы, қала шаруашылығының сапалы дайындығы арқасында өткен жылу маусымының қорытындысын қанағаттанарлық деуге әбден болады. Әрине, бұған жаңа энергия нысандарын іске қосу барысында қол жетті. Қаланы 30 қосалқы станциялармен «қоршап тастау» Алматының энергиялық қуатын бірден арттырды», - деді Ахметжан Есімов.
Бұдан басқа, қала басшысы энергия кешендерін модернизациялау мен ескірген жылу көздерін жоспарлы түрде қайта жасаудың да маңызды екендігін айтты. Жалпы, 2008-2014 жылдар аралығында қалада 118 километр жылу желісі қайта жасалды. Ағымдағы жылы 17 км. жылу желісін, соның ішінде 14 км. магистральді, 3 км бөлгіш желілерді қайта жасау жоспарлануда. Аталған нысандарды қайта құру үшін мемлекеттік бюджеттен 7 млрд. теңге, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4,6 млрд. теңге қарастырылуда.
Осыған орай, әкім Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына өткен жылдағыдай жылу желілерін қайта жасауды биылғы жылдың қыркүйек айының басына дейін бітіруді тапсырды. Алдағы жылу маусымының міндеттерін талқылай келіп, әкім жылу маусымына дайындалғанда жылу жинақтайтын технологияларды батыл енгізуді, үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнатуды аяқтауды тапсырды. Бүгінгі күні Алматыдағы көп қабатты үйлерде 3135 ЖЕҚ қойылған немесе 42% құрайды. Әкім өзінің сөзінде ақша үнемдеуге және жылу энергиясын ұтымды пайдалануға ықпал ететін жылу есептегіш құралдарын барлық көп қабатты үйлерге орнату қажеттігін атап көрсетті.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек