• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да ауылдық жерлердегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері 2 есеге көбейту жоспарлануда

ҚР-да ауылдық жерлердегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері 2 есеге көбейту жоспарлануда

10 Қазан, 2013 15:08
Қазақстанда қаржыландыру кестесінің өзгеруіне байланысты дене шынықтыру-сауықтыру кешендері саны 2 есеге көбейтілмек, деп мәлімдеді бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық Кеңестің отырысында ҚР спорт және дене шынықтыру Агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

«Бастапқыда дене шынықтыру кешендерін облыс орталықтары мен ірі қалаларда салу жоспарланды. Алайда талқылау барысында олар ауыл мен аудандарға алмастырылатын болып шешілді. Ауылдық жерде бір ДЖСК құрылысының құны қалаға қарағанда 260 млн теңгеден 130 млн теңгеге дейін төмендейді. Сол себепті ДШСК саны екі есеге артады», - деді Е.Қожағапанов.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2014 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысына 4,7 млрд теңге қарастырылған.

Осыған орай қаржыландыру мынадай схемамен іске асады: 70 пайызы республикалық бюджеттен, ал 30 пайыз жергілікті бюджеттен алынбақ.

«Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ауылдық жерлердегі спорт алаңдарының орнын толтырады. Жергілікті халыққа түрлі жарыстар өткізуге, мерекелік шараларға қолдануға мүмкіндік береді. Біздің ел чемпиондарының 70 пайызға жуығы ауылдан шықты емес пе?!», - деді Е.Қожағапанов.

Сөз соңында Е.Қожағапанов ДШСК құрылысы жанына партиялық тексеріс пункттерін ұйымдастыруды ұсынды. Ал құрылыс аяқаталғаннан кейін елдің ең үздік ДШСК анықтауды ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар