- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда инвестициялық хаб құру ИИМДБ-ның 2015-2019 жылдарға арналған міндеттерінің бірі
Қазақстанда инвестициялық хаб құру ИИМДБ-ның 2015-2019 жылдарға арналған міндеттерінің бірі
«2015-2019 жылдарға бағытталған ИИМДБ (2-ші бесжылдық) қайта өңдеу өнеркәсібінің өсуімен, яғни саяси және бизнес элиталардың индустриализацияландыру идеясының аясында бірігіуімен, Қазақстанда инвестициялық хабтің құрылуымен, басқарудың халықаралық стандарттарын енгізумен, сапалы жұмыс орындарын ашу сияқты игіліктермен ерекшеленеді»,-деп хабарлайды ведомство.
Сонымен қатар, ИИДМБ міндеті «жедел» трансферттер мен технологияларды құру, ШОБ пен ірі кәсіпорындар арасындағы өндіріс байланысын нығайту болып табылады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына белсенді экспорттауды бастау мен еңбек пен активтердің өнімділігін арттыру да осы бағыттағы басты міндеттердің бірі.
Бұл ретте, 2010-2014 жылдары (1-ші бесжылдық) ИИМДБ барлық міндеттемелер толығымен орындалғандығын атап өту керек. «5 жыл ішінде индустриалды инфрақұрылым салынып, инвестициялық климат қалыптаса бастады. Инновациялық ортаға деген алғышарттар пайда болды, әлеуметтік салалар - лидерлер анықталды»,-дейді ҚИДИ мәліметтері.
Бұған қоса, ведомствоның мәліметтерінше, аталмыш бағдарламаның 2020-2024 (3-ші жартыжылдық) жылдарға арналған міндеттері макроаймақта бәсекеге қабілетті бола бастау. «Нақтырақ айтқанда, жаңа формациядағы бизнес-элитаның пайда болуына, «ақылды экономика» негіздерін қалыптастыру, кәсіби қызметтердің жоғарыөндірісті секторының пайда болуын қамтамасыз ету»,-делінген хабарламада.
Үшінші бесжылдық экономиканың жаңа құрылымына көшуге ықпал етіп, кәсіпкерлердің мықты орта табын қалыптастырады, аймақтық деңгейде шикізаттың экспорттық тауардың 3-4 түрі бойынша айтарлықтай үлесін ұстап тұрып, еңбектің өнімділігі деңгейіне шығуға ықпал етеді.
Индира Кауметова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы