- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық оқушылар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлермен кездесті
Ақмолалық оқушылар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлермен кездесті
Еңбек ардагерлерімен кездесу аршалылық Балалар шығармашылы орталығында, онда білім алып жүрген балалар мен олардың ата-аналарымен де ұйымдастырылды.
Аудандық кітапханада басқосуға қатысшуылардың назарына «Бейнелеу өнері» бөлімінде білім алып жатқан жастардың шығармашылық еңбектері ұсынылды және онда еңбек ардагері Кирилл Говядов шақырылды. Ардагердің өмірі фашистердің Беларуссияны басып алу кезіне тұспа-тұс келген. Кездесуге өзге де бірқатар ардагерлер қатысты.
«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, кездесуге кәсіби суретші Қанат Абдин қатысты. Оның туындыларында Қазақстанның тарихы бейнеленеді. Бұдан соң кездесуге қатысушылардың барлығы Балалар шығармашылығы орталығының тарихи-өлкентану мұражайына шақырылды. Онда «Бізді соғыс батырлардың есімдерімен шақырады» атты фотосуреттер көрмесі өтті. Бұл көрме «Қайта оралған жады» атты шығармашылық жобаның нәтижесі.
Мұражайда жиналғандардың назарына «Бабаларға Жеңіс үшін алғыс!» атты шығармашылық еңбектер ұсынылды. Кирил Говядовтың балалық шағы туралы оның немересі Данил Говядов айтып берді. Ал соғыста мерт болған ардагер азаматтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздіктен соң, жиын әдеби кешке айналып, онда соғыс туралы шығармалар оқылды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері