• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери қызметкерлер «Достастық жауынгері» байқауында үздік үштікке енді

Қазақстандық әскери қызметкерлер «Достастық жауынгері» байқауында үздік үштікке енді

10 Қазан, 2013 15:02
Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері Мәскеуде өткен V халықаралық «Достастық жауынгері» байқауына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстанның  Қарулы Күштері әскери қызметкерлері Мәскеуде өткен V халықаралық «Достастық жауынгері» байқауына қатысып, алғашқы үштікке енді», - делінген хабарламада.

Жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасының командасы құрметті 3-орынды иеленді 1-орында Ресей Федерациясы, 2-орында Беларусь Республикасы.

Сайысқа Армения, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қарулы күштерінің 28 әскери қызметшісі қатысты.

Қатысушылар «Атлет», «Профессионал», «Снайпер», «Эрудит», «Кавалер (Сударыня)» номинацияларында сайысқа түсті. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жауынгерлік, атыс және дене даярлығы бойынша әскери-кәсіби машықтары  шеберлігін, сондай-ақ әскери тарихтан білімін бағалады.

 

Барлық жаңалықтар