- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстандық бірлік азаматтық ұстаным негізінде қалыптасуы керек
Н.Назарбаев: Қазақстандық бірлік азаматтық ұстаным негізінде қалыптасуы керек
«Біздің Конституциямыз нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік береді. Енді қазақстандық бірлікті одан әрі нығайта түсу керек және ол азаматтық ұстанымдарға негіздлелуі тиіс. Барлық азаматтар бірдей құқықты пайдаланып, оларға бірдей жауапкершілік жүктеліп, қандай да бір мәселелерге қол жеткізуде де бірдей мүмкіндік болуы керек»,-деді ҚР Президенті.
Елбасы сондай-ақ «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының біріктіруші күші - барлығының еңбексүйгіштік, тазалық, оқып-білім алуға деген ұмтылыс, мәдениетті қоғам, төзімді мемлекет сияқты ұғымдардың барлығы бойынша азаматтардың біркелкілігі болатындығын атап өтті.
«Бұл біздің барлығымыз соның айналысында бірігіп, өзіміздің басты құндылықтарымыз санауымыз тиіс қарапайым ғана түсініктер. Олар біздің Ассамблеямыз жұмыс істеп жатқан «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негізін салуға бағытталған»,-деді ұлт Көшбасшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы өтуде.
Индира Кауметова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды