Қазақстан зайырлы мемлекет болып қалуы керек – Президент

23 Сәуір, 2015 16:52
Қазақстан зайырлы мемлекет болып қалуы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.

«Қазақстандық ауызбіршілік әрбір діннің негізінде күшейе түсуі керек. Оған қоса, Қазақстан зайырлы мемлекет болып қалуы тиіс. Біз осындай жолмен ғана алға жылжып, дамымақпыз. Біз әлемді этникалық, тілдік, діндік, мәдени деп қабылдаймыз, олар болашақта да осындай жолмен қалыптасады. Ол ажырататын қасиет емес, керісінше, біріктіретін негізге айналуы керек», - деді Н.назарбаев.

Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 17 дін конфессиясы күн кешуде. Оның ішіндегі ірілері: ислам, павославтық, протестанизм.

«Біздің жеріміз дін мен ұлттың әр түрлі өкілдерінің басын қосқан. Біз, бірігіп қала мен ауылдарды салып, жолдар мен индустрияны дамытып, бір елдің ұрпақтарын тәрбиелеп отырмыз», - деді Президенті.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар