- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК ШЫҰ байқаушыларын Президент сайлауында болатын жаңалықтардан хабардар етті
ҚР ОСК ШЫҰ байқаушыларын Президент сайлауында болатын жаңалықтардан хабардар етті
«Мен өзіміздің алдымызда тұрған және өзекті болып табылатын мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар ерекшеліктер туралы айтып бергім келіп отыр. Бұл бірінші кезекте сайлаушылардың тізімімен және оларды түгендеумен байланысты. Биылғы жылы біз сайлаушылардың тізімін өте мұқият нақтыладық. 2015 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметтер бойынша сайлаушылардың тізімі 200 мыңнан астам адамға көбейді. Біз сайлаушы дауыс беру учаскесіне келіп, өзін сайлаушылар тізімінен таппаса не істейміз деген мәселені жан-жақты ойластырдық. Біз әрбір учаскеде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тікелей байланыс орнаттық, олар сайлау учаскесінің құзырлы қызметкерінің сұранысы жөнінде тиісті мекен-жай бойынша анықтама береді. Онда сайлаушының қайда тіркелгендігі көрсетіледі де сайлаушы өзі бекітілген жерден дауыс береді. Мұндай байланыстар 9 мың 741 уаскеге орнатылды. Дауыс беруге келген әрбір сайлаушы бұл міндетін қалайда орындайды»,-деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ШЫҰ байқаушыларымен кездесу барысында.
Оның сөзінше, бастапқыда дауыс беруге арналған куәліктермен қиындықтар туындаған. «Егер сайлаушы дауыс беру күні өзінің болмайтындығын және басқа сайлау учаскесінен дауыс беретіндігін білсе, оған арнайы куәліктер беріледі. 2009 жылы арнайы қаулы негізінде мұндай куәліктерді сайлаушылардың 1 пайызына ғана беру жөнінде шешім шығарғанбыз. Алайда 1 пайыз куәлік бізге жетпейтін болды. Қазіргі таңда біз жаңа қаулы шығарып, куәліктер санын шектейтін бұрынғы қаулының күшін жойдық. Енді сайлау комиссиясы мүшелері куәліктерді бере береді.»,-деп қосты Қуандық Тұрғанқұлов.
Бұл ретте ОСК екі рет дауыс берудің мүмкін еместігін жеткізді.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”