• Басты
  • Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің дамуына іс жүзінде үлес қосуы керек – Б.Байбек
23 Сәуір, 2015 19:05

Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің дамуына іс жүзінде үлес қосуы керек – Б.Байбек

Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің дамуы мен оның ортасының кеңеюіне үлес қосуы керек, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» («Мстители: Эра Альтрона») фильмінің алғашқы көрсетілімінің алдында.

Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің дамуына іс жүзінде үлес қосуы керек – Б.Байбек | Strategy2050.kz

"Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілдің дамуына нақты іс арқылы үлес қосуы керек. «Нұр Отан» партиясы фильмді қазақ тіліне аударуды қолдау арқылы заманауй технологиялар мен голливудтық фильмдерді  пайдалана отырып, мемлекеттің тілдің тарау ортасын кеңейтуді және өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілдегі фильмдерді көру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуді көздейді",-деді Бауыржан Байбек.      

Сондай-ақ ол сөзінде партия тарапынан атқарылып отырған аталмыш шараның, партияның Доктринасындағы бірлік пен келісім, әділдік пен ауызбіршілік, мейірімділік пен достық, отбасылық құндылықтарды насихаттау болып отырғандығын атап өтті.  

Бауыржан Байбек сонымен қатар, фильмдерді қазақ тіліне аудару жобасын жүзеге асырудың киноларды дубляждау индустриясын дамыту ісіне де қосылған үлес екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ» қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясымен және «Kassa Nova Банк» акционерлік қоғамымен және «Меломан» компаниясымен бірлесіп, Астана мен Алматы қалаларында Marvel студиясы түсірген «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» («Мстители: Эра Альтрона») атты эпикалық блокбастерінің қазақ тіліндегі нұсқасын көрсетуді ұйымдастырды. 

Голливудтық фильмдерді дубляждау жұмыстары «Жастар-Отанға!» атты партиялық жобаның аясында жүзеге асырылуда және ол жастар арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған. Фильмдерді таңдап алудағы басты талап олардың тәрбиелік мәні болып отыр. Яғни жастарға көрсетілетін фильмдер өскелең ұрпақтың бойына бірлік пен келісім, әділдік пен ауызбіршілік, мейрімділік пен достық, қиын-қыстау күндерде біріге білу сияқты құндылықтарды сіңіруі керек.  

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды