- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде ҚХА 20 жылдығына арналған халықтар достығы фестивалі өтті
Ақтөбеде ҚХА 20 жылдығына арналған халықтар достығы фестивалі өтті
«Ұлтаралық келісім – біздің басты жетістігіміз. Біздің этномәдени бірлестіктеріміз бен олардың басшылары Қазақстанда тұратын халықтардың арасындағы достық пен келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Дәстүрлі облыстық фестиваль рухани бірлік мәселесін насихаттайды. Осындай шаралар арқылы біз дарынды шығармашыл ұжымдарды анықтап, жаңа жұлдыздарды жарыққа шығарамыз»,-деді фестивальдің ашылу рәсімінде облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Назира Табылдинова.
Хабарламада достық фестиваліне қатысушылардың және этномәдени бірлестік әншілерінің 16 тілде ән шырқағандықтары айтылған. Онда қазақ, орыс тілдеріндегі әндермен қатар сыған, болгар, татар, поляк, еврей және өзге де халықтардың тілінде де әсем әндер әуелеген. Сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылық ұжымдары түрлі қойылымдар қойған. Бүгінде таңда этнобірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аймақта өте танымал. Олардың арасында республикалық тіпті халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары бар. Тоғыз шығармашылық ұжымға «халықтық», «үлгілі» атақтары берілген.
Фестиваль аяқталған соң үздік ұжымдар алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Олар 1-мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай еліміздің Тұңғыш Президенті саябағында өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы