- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде Жерді қашықтықтан зондтау халықаралық құжаты қаралды
Сенат комитетінде Жерді қашықтықтан зондтау халықаралық құжаты қаралды
Сенатта «2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Хаттаманың мақсаты Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақ кешенін жасау жөніндегі жобаларды іске асыру аясында француз тарапы атқаратын жұмыстар мен қызмет көрсетулерге салынатын қосымша құн салығын төлеуден босату болып табылады. Бұл мемлекет іске асыратын инновациялық жобалардың құнын азайтады, соған сәйкес, республикалық бюджеттің қазіргі кездегі ауыртпалығын төмендетеді, сондай-ақ жобаның ақтау мерзімін қысқартады.
Келісімге 2009 жылғы 6 қазанда қол қойылды.Француз тарапын қосымша құн салығынан босату мәселесі Республикалық бюджет комиссиясында қаралды және оң қорытынды берілді.Француз Республикасының Президенті Ф.Олландтың өткен жылғы желтоқсандағы мемлекеттік сапары аясында Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы осы Хаттамаға қол қойылған болатын. Құжат Палатаның қарауына жіберілді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал