2013 жылы Жамбыл облысында баламалы энергияның 9 жобасы жұмыс істеуде

10 Қазан, 2013 12:41
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында баламалы энергияның 9 жобасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Соңғы 3 жылда Жамбыл облысында баламалы энергияның жалпы қуаты 186 МВт болатын 9 жобасы қолға алынып, жұмыс істеуде. Жаңартылған энергия көздеріне тартылған инвестиция құны 58,5 млрд теңгені құрайды», -делінген хабарламада.

2010 жылы Меркі ауданында қуаты 1,5 МВт болатын СЭС, Қордай ауданында қуаттылығы 1,5 МВт жел электростанциясы қолданысқа берілді. Қазіргі таңда бұл көрсеткішті 10 МВт-қа дейін көтеру жоспарлануда.

2012 жылы Қордай ауданында қуаты 7 МВт болатын Қазақстандағы алғашқы күн электростанциясы жұмыс істей бастады.

Хабарламада айтылғандай,ағымдағы жылы Шу ауданында 9,2 МВт қуаттылығы бар Тасөткел СЭС жобасы қолға алынды.

«Fonroche Energie» француз компаниясы 2015 жылға дейін 24 МВт-тық күн электростанциясы құрылысын бастауға ниетті. Ағымдағы жылы ресейлік инвесторлар қуаттылығы 19,8 МВт-тық Меркі СЭС сарқырамасының құрылысын бастамақ.

Барлық жаңалықтар